Сегіз жылдан бері бір ауылдық округте мүлтіксіз қызмет ететін учаскелік инспектордың ерен еңбегі

Учаскелік инспектор – құқық қорғау органдарының өкілі ғана емес, оған сеніп тапсырылған аумақта құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі тұлға. Бүгінгі әңгіме Алматы облысы Байсерке ауылдық округінің учаскелік полицейі жайында болмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындарға көмекке бірінші болып келетін, олардың өзекті мәселелерін шешіп, қылмыстың алдын алуға белсенді қатысатын учаскелік инспектор Сергей Немербаев сегіз жылдан бері 20 мыңға жуық тұрғыны бар Іле ауданындағы Байсерке ауылдық округінде қызмет етіп келеді.

– Осы уақыт ішінде майор Немербаев жергілікті тұрғындар тарапынан құрмет пен сенімге ие болды. Жыл басынан бері ол 15 қылмыстық құқық бұзушылықты, соның ішінде бір аса ауыр қылмысты аша алды, бұл оның жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығын көрсетеді. Сонымен қатар тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 150-ден астам әкімшілік хаттамалар толтырған. Жергілікті билік өкілдері де Сергей Немербаевтың жұмысын жоғары бағалайды, – деп атап өтті Іле аудандық полициясының бастығы Еріс Тоқтаров.

Полиция майоры жұмысындағы жоғары білікті қызметкер ғана емес, сонымен қатар үлгілі отағасы. Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, ол әрқашан отбасына уақыт табады, бұл оның кәсіби қызметі мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті сақтау қабілетінің дәлелі. Жергілікті тұрғындар оның мұқият қарым-қатынасын, қиын жағдайларда тыңдауға және көмектесуге дайын екендігін аайтады. Көптеген ауыл тұрғындары үшін Сергей Немербаев кез-келген уақытта кеңес немесе қолдау сұрай алатын нағыз қорғаушы адамы бола біледі.

– Сергей Немербаев – өз міндетін орындап қана қоймай, тұрғындарға деген қамқорлығын жан-жақты танытатын нағыз кәсіби маман. Сергей сияқты азаматтардың арқасында ауданымызда тыныштық пен тәртіп орнады, – деді Байсерке ауылдық округінің әкімі Тілеукен Көпбаева.

Учаскелік инспектордың жұмысы көбіне байқалмайды, бірақ Сергей Немербаев сияқты адамдар біздің өмірімізді күнделікті қауіпсіз әрі тыныш етеді. Олардың еңбегі мен жауапкершілігінің арқасында жергілікті жерде өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып, қылмыс азаяды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/segiz-zhyldan-beri-bir-auyldyq-okrugte-multiksiz-qyzmet-etetin-uchaskelik-inspektordyng-eren-engbegi/

ПІКІР ЖАЗУ