СҚО бойынша ҚАЖД-ның 30-ға жуық қызметкері марапаттар алды
СҚО бойынша ҚАЖД-ның 30-ға жуық қызметкері марапаттар алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара ардагерлердің, жас қызметкерлердің ата-аналарының және саланың үздік өкілдерінің қатысуымен өтті. Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Қанат Сүлейменов құттықтау сөз сөйледі.
– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы жеке өз атымнан сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаттар еліміздің тұрақты дамуының берік іргетасына айналды. Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтты.Сіздерге амандық пен қызметте табыс тілеймін!, – деді Қанат Сүлейменов.
Дәстүр бойынша бұл күні ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Осылайша, ҚР Ішкі істер министрінің және департамент бастығының у.м.а. бұйрықтарымен бірқатар қызметкерлер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл салада отбасылармен және әулеттермен қызмет етеді. Мысалы, Думан Нұғыманов қылмыстық-атқару жүйесінде жұбайымен бірге жұмыс істейді. Мереке күні қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін ол “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медальмен марапатталды. Іс-шара соңында ҚР Конституциясының тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/sqo-bojynsha-qazhd-nyng-30-gha-zhuyq-qyzmetkeri-marapattar-aldy/