Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция қызметкерлеріне тренинг өткізілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор-психологы Айгерім Исаева жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне психологиялық тренинг өткізді.

Тренингте интеллект, шапшаңдық, тез шешім қабылдау, зейін және лидерлік қасиеттерді көрсетуге арналған жаттығулар жасалды. Әр жаттығу мұқият ойлау мен іс-қимылдың үйлесімділігін талап етеді. Тренингтің барлық кезеңі қатысушылар үшін жаңа дүние болып шықты.

Бұл жаттығулар ұжымды біріктіруге, топ құрамында әрекет ете білуге және психоэмоционалдық күйзелісті алып тастауға бағытталды. Мұндай тренингтерді біз жиі табиғат аясында өткіземіз – деді полиция капитаны А.Исаева.

Тренинг қатысушылары қызықты жаттығулар мен психологиялық әдістер үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, алған әсерлері нәтижесінде қызметтік міндеттерін ерекше талпыныспен орындайтындықтарын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Газ баллоны орнатылған көлікті жер астындағы автотұраққа қоюға болмайды

admin

Кентауда Бұқар жыраудың мемориал тақтасы қойылды

admin

Тау шайыры

admin