Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер Түркістан облысында тас жолда бұзылып қалған көлік иесіне көмектесті

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция капитаны М. Мақұлбеков пен Н. Әкімбай жолда істен шығып, бұзылып қалған «Ниссан» маркалы автокөлігіне көмек көрсетті.

Нақтырақ айтсақ, түнгі уақытта полицейлерге «102» операторынан «Шымкент-Самара» тас жолында бұзылып, жүрмей тұрған көліктегі азаматтарға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдеу қызметінде жүрген тәртіп сақшылары жедел шаралар қабылдап, оқиға орнына дереу келді.

Тексеру барысында Ақтөбе облысы тұрғындарының көлігіне қосалқы бөлшектерді ауыстыру қажет екені анықталды. Полицейлер қажетті көмекті көрсетіп, көлікті жөндеуге жәрдем етті.

Өз кезегінде жас жігіттер Түркістан полицейлерінің көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, өз бағыттарын жалғастырды.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Алматы қаласындағы құрылыс сапасына қатаң бақылау орнатуды тапсырды

admin

Түркістан облысында «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өтті

admin

Түлкібас ауданына инвесторлар тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде

admin