Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Облыс әкімдігінде кіші жедел басқару орталығының презентациясы таныстырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің бастамасымен әкімдікте кіші жедел басқару орталығының презентациясы өтті.

Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалдының төрағалығымен өткен шарада презентацияны «Алтау смарт» ЖШС-нің коммерциялық директоры Исатай Жүнісов таныстырып өтті. Басқосуға прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, цифрландыру басқармасының басшы құрамы мен әкім орынбасарлары, әкімдіктегі басқарма басшылары, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Әбдіқадырқызы қатысты.

Жиын барысында цифрландыру, қауіпсіздік үшін қажетті соңғы үлгідегі цифрлық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар аудандарға кіші жедел басқару орталығын құру бойынша ұсыныстар көтерілді.

Шара соңында облыс әкімі құрылым басшыларына тапсырмалар жүктеп, тұрғындар қауіпсіздігін сақтау, қорғау бағытындағы барлық бастамаларды қолдайтындығын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

«RAIYMBEK» І республикалық театр фестивалінің алғашқы күні қорытындыланды

admin

Биыл жамбылдықтарды пәтермен қамту көрсеткіші 227,1 пайызға артады

admin

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

admin