Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Күштік құрылымдар арасында футболдан жарыс өтіп, полицейлер чемпион атанды

Мереке қарсаңында және қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің құрметіне орай Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысының құқық қорғау органының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Сайысқа 7 команда қатысты.

Қызметкерлер арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын ойын тартысты өтті. Нәтижесінде І-орынды Түркістан облысы Полиция департаментінің командасы иеленіп, үздік атанды. Ал ІІ-орынды ҰҚК командасы, ІІІ-орынды Ұлттық ұлан командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ ”Үздік ойыншы” номинациясын Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Өтешов Ғалымжан иеленді.

Өз кезегінде футбол додасында үздік танылған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан ҰҚТ жойылды

admin

ШЫМКЕНТ: Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

admin

Түркістан облысы басқармалары арасында карпфишинг сайысы өтті

admin