Түркістан облысында Конституция күні тойланды

Кентау қалалық полиция бөлімінде 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі аталып өтті.  Мерекеге орай жемісті, сапалы жұмыстарымен көзге түскен жеке құрам қызметкерлері бөлім бастығының алғыс хатымен мараппаталды. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің «учаскелік полиция күні» аталып өтіліп, қызметкерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

30-тамыз Конституция күні мерекесіне орай Сауран ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мерекелік іс- шара өткізді. Салтанатты жиынды ашып берген бөлім бастығы полиция полковнигі Алмат Абидинов жеке құрам қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, еңбек жолында бірқатар жетістікке жеткен қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шарада Конституция тарихы жайлы деректі фильм көрсетіліп, полицейлерді жігерлендіретін әсем әндер шырқалды.

30-тамыз “Конституция күніне” орай өткен салтанатты жиында жеке құрамды құттықтаған Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Усербаев, Конституция- халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналған басты құжат екенін атап өтті. Бұдан кейін қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған 10 қызметкер алғыс хатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Конституция күні Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде аталып өтті. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған, Қазығұрт аудандық ІІО Ардагерлер ұжымының мүшелері мен жас мамандар атаулы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, қызметте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқан және полиция бөлімінің жеке құрамының ішінде, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хатымен мараппаталды. Мерекелік шараға белсене қатысып, марапатқа ие болған жастар, елге адал қызмет етуге және қоғам қауіпсіздігін мүлтіксіз қадағалауға еңбек ететіндерін жеткізді.

30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Сайрам ауданының Полиция бақармасы жеке құрам қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесі мүшелері қатысуында мерекелік жиын өтті. Аталған жиында жеке құрам қызметкерлеріне Конституцияның маңызды рөлі туралы хроникалық деректі фильм көрсетіліп, қызметтік міндеттерін атқару барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 17 қызметкер басқарма бастығының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар ардагерлер кеңесі мүшелері Н.Убаев, А.Эманов, Ш.Ашировтарға басқарма бастығы өз атынан «Алғыс хатын» табыс етті.

Мерекеге орай Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері іс- шара өткізді. Салтанатты жиында бөлім бастығы Е.Бейсебаев құттықтау тілегін жеткізіп, қызметте жауапкершілік, кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар шара соңында қызметкерлерге Конституция тарихы жайлы деректі фильм көрсетілді.

Арыс аудандық полиция бөлімінде “Конституция күні” мерекесі аталып өтілді.

«30 тамызда біз еліміздің басты мерекесін атап өтеміз. Жалпы ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш – жігерімізді салуымыз керек. Мереке құтты болсын!», – деп атап өтті өз сөзінде полиция подполковнигі Б. Қуатов.

Сонымен қатар осы мереке күні қызметтік міндеттерін орындауда белсенділік танытып, оң қырынан көрінген бір топ қызметкерлер марапатталды.

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінде мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға бөлім басшылары, ішкі істер органының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Салтанатты шара мемлекеттік әнұранымызбен басталып, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтың құттықтауымен жалғасты. Сонымен қатар ішкі істер саласында еңбек еткен ардагерлер мен қызмет барысында ерекше көзге түскен полицейлердің еңбегі бағаланып, Алғыс хаттармен марапатталды. Марапат соңында «30-тамыз ҚР Конституциясы күніне» орай арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, өнерпаздардың концертімен ұласты.

Мерекеге орай Келес ауданының тәртіп сақшылары іс- шара өткізді. Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға жеке құрам мен ардагерлер кеңесінің мүшелері және төрағасы шақырылды.  Сондай-ақ салтанатты жиында бөлім бастығы полиция подполковнигі М.Абилханұлы құттықтау тілегін жеткізіп, қызметте жауапкершілік, кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерді марапаттады.  Одан бөлек полицияда қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагер Бахыт Айткуловтың иығына арнайы шапан кигізіп, мадақтау қағазын ұсынды. Жиын соңында тәуелсіздік құндылықтары қозғалып, елдегі бірлік пен бейбітшілікті нығайту және елімізді мемлекеттік-құқықтық дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 29 жыл толуына орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шарада полиция қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров пен Аманат партиясының төрағасы М.Сәрсенов құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.  Сонымен қатар бөлім бастығының бұйрығымен 18 қызметкер алғысқа бөленді.  Іс-шара аясында бөлім бастығы Ердәулет Амантаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер қатарында ширек ғасыр абыроймен қызмет атқарып, осы салада еңбегі сіңген, талай жыл тер төккен ардагерлерді мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

«30 тамызда біз еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр. Ол – тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек,» – деп атап өтті өз сөзінде полиция подполковнигі Е.Дарханұлы.

Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Т.Рысқұлов ауылында орналасқан аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы Ізтілеуов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Султанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, ІІО ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің алғы сөзінен соң полиция бастығы Б.Талғатұлы шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, елімізде қиын да күрделі салада қызмет жасап жүрген полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкелерді аудан әкімінің және полиция бастығының алғыс хаттарымен марапаттады.  Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертімен жалғасты.

 

ПІКІР ЖАЗУ