Полиция қызметкерлері Кадет сыныбының оқушыларымен кездесті

Арыс ауданында өткен алғашқы қоңырау жиынына Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Берік Пердебайұлы Нышанбаев, Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Батырханұлы Қуатов, полиция бөлімінің орынбасарлары мен ІІО ардагерлерінің төрағасы Серікбай Гаппаров қатысты. Олар Ә.Жангелдин атындағы орта мектептегі концерттік іс-шараға барып, оқушыларға өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.

Жалпы «Білім күні» тәуелсіз еліміз –Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған 1-сынып оқушылары үшін қуанышты күн екені даусыз.

Осы ретте полиция Кадет сыныбының оқушыларымен кездесіп тілектерін білдірді. Ал оқуышылар полицейлерге Калашников автоматын уақытқа шашып, жинап шеберліктерін көрсетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ