Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция қызметкерлері сынып сағаттарына қатысты

1 қыркүйекте Төлеби ауданы бойынша «Білім күні» салтанатты шараға 5600 ден астам бала, оның ішінде 2675 бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттады. Олардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында. Бұл күні жергілікті, әкімшілік полиция қызметі бөлімшелері жеке құрамының бағыттары оқу орындарына жақын орналастырылды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшы құрамы қатарынан арнайы бөлінген офицер, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен бірге профилактикалық әңгіме өткізу үшін сынып сағаттарына қатысты.

Қазіргі заманның балалары смартфондар мен құлаққаптарды белсенді қолданады. Бұл әрекеттерімен жолдағы қауіпті байқауына кедергі келтіреді. Полицейлер көшеден өткен кезде ұялы телефондарын қолданбауға кеңес береді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында командалық үшінші орын алды

admin

Тұмаудың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасады

admin

Төлеби ауданына 90 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

admin