Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер жолда жүру ережесі бойынша мектептерде жол қауіпсіздік сабақтарын өткізді

1-қыркүйек білім күніне орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобымен патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары бірлескен түрде білім беру мекемелерінде оқушыларға «Жолда жүру ережелері» бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ полицияның жұмысымен таныстыру мақсатында «Мен және менің полицейім» атты акция ұйымдастырды.

Аталған акция арқылы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды болдырмау, отбасылық және рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау көзделді.

Сонымен қатар, «Полицей-дос және қорғаушы» тақырыбында көптеген дәрістер өткізіліп, патрульдік полиция қызметінің жұмысы таныстырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Ауыр атлетика алыптарының арпалысы

admin

Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады

admin

Жетісай жастары автошеру өткізді

admin