Партульдік полицейлермен практикалық сабақ өтті
Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр.
Осы орайда Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің бастығы Е.Амантаевтың төрағалығымен анықтау және тергеу тобының қызметкерлерімен жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда оқиға орнына дереу жететін жедел-тергеу тобы мен патрульдік полиция тобы қызметкерлерінің қалай жұмыс атқару керектігі бойынша жас мамандарға арнайы сабақ өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды кәсіби дағдыларға үйрету және жол-көлік оқиғаларының фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеудегі сапасын арттыру. Ашық аспан астында өткен семинар-кеңес, күндізгі және түнгі уақыттағы жол-көлік оқиғасы болған жерді тексеру ерекшеліктеріне арналды. Сондай-ақ жас қызметкерлерге жол-көлік оқиғасы сызбасын жасау кезінде ескерілуі тиіс заттар туралы айтылды.
Жаттығу барысында тәртіп бұзушыларды ұстау кезіндегі полицейлердің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Қызметкерлер психологиялық тұрғыдан да дайындалды. Әсіресе сыртқы қызмет мамандары. Себебі олар күн сайын түрлі құқық бұзушылыққа тап болады, деді полиция бастығы Е.Амантаев.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі