Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Отбасым – жан шуағым

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күні мерекесіне орай Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ІІО ардагері Даулет Төребеков ағамызбен Гулжан апайымызды арнайы құттықтап шаңырағында болып қайтты.

Ағамыздың ізін басып келе жатқан жас полицейлер 25 жыл бір шаңырақ астында бірге бақытты өмір сүрудің құпиясын сұраумен қатар, отбасылық өмірдің қызығы мен қиындығы қатар жүретінін ұғынғандай болды.Даулет аға өз өмір жолын айта келіп, осы жылдар арасында қарапайымдылық пен бірін-бірін кешіре білу ұғымы отбасының айрандай ұйып, өсіп-өнуіне себепші болғанын тілге тиек етті.

Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы деп есептеуі қажет екенін айтып, жастарға отбасылық өмірде бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Үйден шықпай-ақ, баспана кезегіне онлайн тұруға болады

admin

Шымкентте мүгедектігі бар бес мыңға жуық адамға протездік-ортопедиялық құрал берілді

admin

Елімізге белгілі кардиолог келестік мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады

admin