Болашақ аналарға «Дені сау ұрпақ» тақырыбында семинар жүргізілді
«Отбасы күні» апталығы аясында «Дені сау ұрпақ» тақырыбында болашақ аналарға семинар-тренинг өткізілді. Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен және «Жастар ресурстық орталығы» мамандары мен гинеколог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды. Аталған шараға болашақ аналар қатысты.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру,отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып,аналарға бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа,ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара аналарға ой саларлық ауқымда болды.