Педагогтер IT құзіреттілік бойынша білімдерін толықтырды
Биылғы облыстық «Тамыз кеңесі» 27 тамыз күні өткізіледі. Бүгін осы шара шеңберінде «Digital Kazakhstan: Жаңа заманындағы білім беру» тақырыбында секция жұмыстары жүргізілді. Маңызды жиында 26 секция өтті. Кеңеске 1000-ға жуық педагог қатысты. Басқосуда әртүрлі бағыт бойынша спикерлер баяндама оқып, өзара тәжірибе алмасты.
Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Баршаға қол жетімді әрі сапалы білімді талқыған жиында мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары, цифрлық білім беру ресурстары – білім сапасын арттыру құралы, заманауи білім берудегі Lesson study тәсілі көрсетілді. Біртұтас тәрбие – құндылықтар шыңы бойынша құнды ақпарат айтылды. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында әдістемелік жұмыстың заманауи жүйесін қалыптастыру тәсілдері» мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары сөз болды.
Сынып жетекшілері бала құқығындағы цифрлық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибесін ортаға салып, мектеп оқушыларының психологиялық әрекетінің семиотикасы мен мәдениеті, білім беру ұйымдарындағы тамақтануды ұйымдастыру, балалар кітапханасы – оқитын ұлт қалыптастыру жөнінде мәлімдеме жасалды.
Айта кетейік, секциялық отырыстың мақсаты – оқушылардың ойлауын қалыптастыруда компьютерлік сауаттылықты, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты даму мен оқытуға жәрдемдесу, табысты тәжірибе алмасу.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі