Ақпараттық қауіпсіздік – назарда

Түркістан облысы әкімдігінде облыс әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен Жобалық кеңсе жұмыстары сараланып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Жобалық кеңсенің ағымдағы жұмыстары баяндалып, жауаптылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені таныстырылды.

Жобалық кеңсе «Битрикс» ақпараттық жүйесіне енгізілген жобалардың жүзеге асырылуын мониторинг жасап, әдіснамалық—үйлестіру жұмыстарын атқарады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмалары, 3 ұлттық жоба, Сайлауалды жол картасы, Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық даму жоспары бойынша жобалар ақпараттық жүйеде жүзеге асырылуда.

Жиын соңында аппарат басшысы күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді саралай келе, нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ