Түркістанда дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында семинар өткізілді

Түркістанда дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеруге бағытталған семинар өткізілді. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізеді. Шараға қала, аудан ішкі саясат бөлімдерінің дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырған семинарда қазіргі қоғамның діни саласында кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттері терең және жан-жақты қарастырылды. Халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыруға, діни ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ радикалды идеялардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған нақты шаралар ұсынылды.

Аталмыш семинарға спикер ретінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Нұржан Стамбакиев, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Сәкен Алдашбаев, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының Шымкент қаласы бойынша басшысы Дәлелхан Оспанов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультетінің декан орынбасары, психолог Динара Жарқынбаева шақырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ПІКІР ЖАЗУ