Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Қарағанды облысында полиция ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қала орталығында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті қаладағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан медициналық мекемелердің біріне кіріп, құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды ұрлап әкеткен. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 41 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

 Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Павлодарлық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qaraghandy-oblysynda-politsiya-urlyq-zhasaghan-kudiktini-qolgha-tusirdi/

Сәйкес жаңалықтар

2021 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТІ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

admin

Түркістан: Бәйдібек ауданында елдімекендердің жолдары жаңартылып жатыр

admin

200-ден астам жас лейтенант ел Қарулы күштерінің қатарын толықтырды

admin