Түркістан облысында полиция қараусыз жүрген 3,5 мыңға жуық малды анықтады

 Түркістан облысында полиция қараусыз жүрген 3,5 мыңға жуық малды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараусыз, бақылаусыз жүрген төрт түлік жол-көлік оқиғаларынының себепшісі болып келеді. Иесіз жүрген малды қамауға, олардың иелерін анықтау мен құжаттарын түгелдеу мақсатында облыс бойынша 88 оқшаулау қорасы белгіленген. Бұл орындарға жыл басынан бері 3 жарым мыңға жуық мал қамалды. Бұл дегеніміз жоғарыда көрсетілген қараусыз жүрген үй жануарларымен болуы мүмкін жол апаттарына едәуір тосқауыл болды деген сөз. Полиция мен жергілікті атқарушы органдар осындай оқшаулау орындарын көбейту бағытында жұмыстарды жүргізуде. Бұл өз кезегінде меншікті тексеруге, мал ұрлығының алдын алуға, есепке алынбаған малға ветеринариялық талдау жүргізуге және ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын болдырмауға септігін тигізеді.

Сонымен қатар облыстағы учаскелік инспекторлар халықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, ауыл көшелерін сапалы бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды, үй жануарларына электронды GPS чиптерін енгізуді және жарықтандырғыш ленталар тағу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторлармен жалпы 1627 халықпен кездесу өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы мағлұматтар берілді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-qarausyz-zhurgen-3-5-mynggha-zhuyq-maldy-anyqtady/

ПІКІР ЖАЗУ