Түркістан облысында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының полицейлері демалыс күндері екі мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің нұсқауымен облыс көлемінде демалыс күндері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Профилактикалық есепте тұрған 1 456  тұрғын мекенжайы бойынша тексерілді. Тәртіп сақшылары 2 358 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтсақ, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу немесе пайдалану бойынша 115 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген 119 жасөспірім анықталды. Ал жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, автокөлікті мас күйде басқарған жеті құқық бұзушы дер кезінде анықталып, болуы мүмкін оқыс оқиғаға тосқауыл қойылды. Жол апатына бірден-бір себеп болатын автокөлікті қарама-қарсы бағытта басқарудың 5 дерегі анықталды. Облыс полициясының басшылығы рейд барысында жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесті. Оларға заң аясында түсіндірмелер жүргізді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақшылардың көліктері мен қызмет атқару барысы тексерілді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/quqyqtyq-tartip-zhpish-turkistan-oblysynda-2-myngnan-astam-quqyq-buzushylyq-anyqtaldy/

ПІКІР ЖАЗУ