Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді

Павлодар облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның проблемасы. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың басты себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы. Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 135 бала түрлі жарақат алып, екі бала, өкінішке орай, қаза тапты.

 – Мысалы, Екібастұзда кеншілер көшесінде Geely SC-7 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, ал автомашина коммуналдық тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Бала үшін жолда өзін қалай ұстау керектігін білу оның қалауына немесе оны жасағысы келмейтініне ғана байланысты емес. Бала жол қозғалысының ең қорғалмаған қатысушысы болып табылады және көп жағдайда балалардың жолдағы тәртібі олардың жол жағдайын қабылдауына байланысты. Сондықтан жолдағы балалардың қауіпсіздігін ересектер қамтамасыз етеді, олар: ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер, өтіп бара жатқан адамдар және көлік жүргізушілері.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodar-oblysynda-biyl-zhasospirimderding-qatysuymen-124-zhko-tirkeldi/

Сәйкес жаңалықтар

Спортпен шұғылданушылар қатары 70-мыңға жуықтады

admin

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалатыны рас па?

admin

Киелі Түркістанға Ақ Жайықтың өнер керуені келді

admin