Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын


Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарып жатыр. Техникалық қадағалаушы — «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы.
Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады.
Жөндеу жұмыстары толығымен қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі орам көшелері бойынша жалпы 151 көше, 180,4 шақырым жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 66 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Биыл Түркістан облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебі 190 медаль олжалады

admin

Төлеби ауданына 90 жыл толуына орай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан жұмыстар

admin

ТҮРКІСТАН: мал азығын даярлау жұмысы және ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес жалғасуда

admin