Арзан әшекейлерді зергерлік алтын бұйымдарға ауыстырып алған әйел ұсталды
Тараз қаласының тұрғыны арзан әшекей бұйымдарды зергерлік алтын бұйымдарға ауыстырып алған. Полиция бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тараз қаласының полиция басқармасына зергерлік алтын бұйымдарды сатумен айналысатын 36 жастағы әйел ұрлық дерегі бойынша арызбен жүгінген. Белгілі болғандай, сатып алушы ретінде әйел адам зергерлік бұйымдарды тағып көріп, алушылардың көптігін пайдаланып, алтын зергерлік бұйымдарды арзан әшекей бұйымдарға ауыстырып кеткен. Жалпы шығын көлемі – 469 мың теңге.
Дәл осылайша күдікті әйел қаланың тағы бір зергерлік дүкенінде 49 жастағы дүкен иесінің назарын басқа жаққа аударып, осындай қылмыс жасаған. Келтірілген залал көлемі – 300 мың теңге. Аталған қылмыс деректері бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті әйелді, яғни облыс орталығының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/tarazda-ajel-arzan-ashekejlerdi-zergerlik-altyn-bujymdargha-auystyryp-alghan/