Полицейлер мас күйде көлік ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады

Полицейлер мас күйде көлік ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамыз күні түстен кейін полицияға Темірбаев көшесі, 39 үйінің ауласынан Volkswagen Passat көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.  3 минуттан кейін камераларды қарау барысында бейнебақылау инспекторы Рахиля Сұлтанханова Тәуелсіздік – Алтынсарин көшелерінің қиылысында көлікті тапты. Бұл жерге патрульдік полиция қызметкерлері Серікжан Жонқабаев пен Азамат Кенжалин жіберілді. Олар Қостанайға табыс табу үшін келген Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Одан алкогольдің иіс шығып тұрған. Жүргізілген сараптама, ұсталған жүргізушіден мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Сонымен қатар полиция ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. Сондықтан оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Ол үшін 20 тәулікке қамауға алынады.  Көлік ұрлау фактісі бойынша қалалық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында көліктің иесі оны ашық қалдырғаны және оның қосалқы кілттері бар екендігі анықталды. Ведомствода азаматтарды өз мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша автокөлік ұрлаудың 40 фактісі тіркеліп, барлығы ашылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qostanajda-politsejler-mas-kujde-kolik-urlaghan-kudiktini-izin-suytpaj-ustady/

ПІКІР ЖАЗУ