Белгісіз ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен
Белгісіз ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. Курьер кезекші тапсырын алу үшін мекемеге кірген кезде, кіреберісте велосипедін қараусыз, қауіпсіздік құралдарымен бекітпей қалдырып кеткен. Ол мекеме ішінде болғанда, күдікті ол сәтті пайдаланып, велосипедті ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Алматы аудандық ПБ қызметкерлері камералардың көмегімен күдіктіні анықтады. Ұры велосипедті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 12 мың теңгеге сатқан. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның, бұрын елорда аумағында болған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/astanada-er-adam-kur-erding-velosipedin-urlap-ketken/