Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысы тұрғындарына құқықтық кеңес берілді

Полиция: адам саудасына қатысты қылмыстарға жаза қатаң! «30 шілде — адам саудасына қарсы күрес күніне» орай ҚР ІІМ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 30-31 шілдеде «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқанын өткізуде. Профилактикалық акция шеңберінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге, облыс орталығындағы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір тәулікте «116 16» сенім телефонының нөмірі бар 1000-нан астам жаднама таратты. Соның ішінде Теміржол вокзалы мен әуежайдағы жолаушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіп, дауыс зорайтқыш арқылы станцияның бүкіл аумағына адам саудасының қаупі туралы ақпарат айтылды.

Полиция тұрғындарға “қандай да бір жанның құлдықта жұмыс жасап жүргенін байқасаңыз, болмаса адам саудасына қатысты басқа да қылмыстардың құрбаны не куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз, заңға жүгініңіз!’’- деп құқықтық кеңес берді. Яғни жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық қанау, мәжбүрлі еңбекті пайдалану, қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу, заңсыз бала асырап алу, трансплантация үшін адам ағзасын заңсыз алу қылмыстары адам саудасына жататын жеткізді. Мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін құжаттарыңызды қырағы болыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз деп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта әлеуметтік қолдау жүйесін цифрлық форматқа көшіру жобасы аясында оқыту семинар өтті

admin

Шымкентте 19 жыл бұрынғы жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот жүріп жатыр

admin

Дархан Сатыбалды: «Облыста өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі»

admin