Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция дәрігерлермен дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыстарға жол бермеу мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастыруда.

Мәселен полиция мен ерікті жастар бірлесіп, Түркістан қалалық перинаталдық орталығы мен Түркістан қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Дәрігерлер қауымымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде адам саудасына жататын қылмыстарға жол бермеу, тосқауыл қою мәселесі көтерілді.

Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, адамның бостандығы мен оның өмірі ең басты құндылық екені дәріптелді.

Өз кезегінде қоғамның алдыңғы шебінде жүретін сала мамандары бірлесіп жұмыс жасауға, заңсыз әрекеттер мен күмән келтіретін жағдайларда бірден сенім телефонына хабарлауға уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Ғаламтор желісінде алаяқтардардан сақ болыңыз

admin

Әдеби сапар Шымкент қаласында жалғасын тапты

admin

Полицейлер отбасында дүниеге келген қос егіз жұп бірінші сыныпқа барады

admin