Ағымдағы жылы есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды.

Құрметті ата-аналар!

Жазғы демалыс жалғасуда. Балаларыңызға мұқият болыңыздар.

Олардың уақытын және пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылаңыздар. Виртуалды әлемде арандатулар жиі кездеседі. Жасөспірімдер кейде өз әрекеттерінің салдарын білмей, оңай ақша табудың тұзағына түсіп жатады.

Бір қарағанда бұл зиянсыз граффити сызбасына ұқсайды. Шын мәнінде әлеуметтік желі арқылы есірткі сатып алуға болатын танымал арнаның жарнамасы болуы ықтимал.

Күмән тудыратын чаттар, геолокациялары бар белгілер, орындардың әртүрлі фотосуреттері мен үйлердің қабырғаларындағы түрлі сызбаларға назар аударыңыз.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер, фольга, шыны түтікшелер және басқа да қаптамаларға зер салыңыз. Мұның бәрі есірткі тұтынуға арналған құрал болуы мүмкін.

Шамадан тыс ақша көрсеңіз оның қайдан келгенін ойлаңыз. Балаңызды салауатты өмір салтына баулып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.

ПІКІР ЖАЗУ