Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция экстремизмнің алдын алу бойынша сабақ өткізді

Түркістан облысының аумағында көші-қон арналарындағы ықтимал қауіпті шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан орын алатын қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни экстремизм мен терроризмге қарсы қауіпті шетелдіктерді анықтау қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын жүргізу бойынша оқу сабақтарын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимылдардың негізгі әдістерін талқылады. Діни экстремизмге тиімді қарсы тұруға көмектесетін теориялық қана емес, практикалық дағдылар көрсетілді.

Бұл сабақтар экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Жұмаділдаевтың басшылығымен көші-қон, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің жауапты қызметкерлерінің, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің қатысуымен өткізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласындағы ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда.

admin

Шымкентте ҚХА-ның «Ассамблея. Праламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

admin

ШЫМКЕНТ: Ауыз сумен қамтуда 14 жоба іске асырылуда

admin