Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар атқаруда
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Мәселен Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Полицейлер азаматтарға “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Заңын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзгерістер мен қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп, ақпараттық жаднамалар таратты.
Сондай-ақ қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайда құқық бұзушы жауапқа тартылатынын ескертті.
Полицейлер мұндай жағдайға тап болған азаматтар тәуліктің кез келген уақытында Сенім телефондары арқылы көмек сұрай алатынын атап өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі