Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция көшелерді ластап, бүлдірген 3700-ден астам көлік иелерін жауапқа тартты

Түркістан облысы полицейлерімен жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бойынша 3 777 тұрғын әкімшілік шара көрілді. Бұл баптың бұзылуына тікелей құрылыс компаниялары жол беруде. Себебі құрылыс объектілерінен шығатын жерлерде арнайы техникалар мен жүк көліктерінің доңғалақтарын жуатын орындар жоқ. Аталған жүк көліктері үнемі таза емес күйде жолға шығып, Түркістан қаласының жолдарын ластауда. Арасында бірнеше рет жауапкершілікке тартылғандары да кездеседі.

Жалпы «Нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін жайттар, яғни «Таза Қазақстан» аясында тәртіп сақшыларымен жыл басынан бері 24 665 дерек анықталып, әкімшілік шара қабылданды.

Атап айтқанда, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бабымен 15 311 тұрғынға хаттама толтырылды.

Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бабымен 5347 тұрғынға ескерту жасалып, 230-ына айыппұл салынды.

Сәйкес жаңалықтар

Сауранда алты айлық көрсеткіштер сараланды

admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

admin

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 9 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте Түркістан көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатқандығы туралы мәлімдеді

admin