Кентауда интернет-алаяқтық саны азайды
Кентау қаласында 2023 жылдың 7 айында интернет алаяқтыққа қатысты 27 дерек тіркелген болса, осы жылы ол көрсеткіш азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Яғни биыл 9 қылмыс тіркеліп, ашылымы 64,2%-ды құрады. Мұның барлығы полиция қызметкерлерінің жүйелі жүргізген профилактикалық іс-шараларының нәтижесінен болып отыр.
Бүгінгі таңда өмірімізді телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Осындай жағдайда интернет алаяқтардан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінеді. Сондықтан интернет ресурстар арқылы алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Кентау қаласының полицейлері профилактикалық шараларды күшейтуде. Тәртіп сақшылары тәуліктің 24 сағатында әрбір сала мамандарына, тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне алаяқтан сақтанудың тәсілдері жазылған арнайы жадынамаларды таратуда.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/kentauda-internet-alayaqtyq-sany-azajdy/?fbclid=IwY2xjawE0SDBleHRuA2FlbQIxMQABHeaZVt3tq649Gt0Sp6uLyNWnVNUgtHM42XL-7UNrhzSpXF8qjRwV8mPsbg_aem_M7iLcngFSS1WhjwWmMKcew