Түркістан облысы аудандарының бірінде полицейлер “Нашақорлыққа жол жоқ!” шарасын өткізді
Түркістан облысы аудандарының бірінде полицейлер “Нашақорлыққа жол жоқ!” шарасын өткізді.
Нашақорлық – адам денсаулығы мен болашақ ұрпаққа қауіп төндіретін қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Полицейлер оның зияны мен салдары туралы халықты құлақтандыру мақсатында тұрақты негізде түрлі алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Мәселен “Қарасора” іс-шарасы аясында Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары, прокуратура және жастар ресурстық орталығының өкілдері бірлесіп, “Нашақорлық пен синтетикалық есірткіге жол жоқ!” тақырыбында халық пен жастардың бойында есірткіге қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды қызмет атқарды. Яғни іс-шара аясында қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ жаднамалар таратылды және тыйым салынған заттарды, оның ішінде синтетикалық есірткілерді тұтыну мен тарату және олардың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы түсіндірмелер берілді.
Полицейлер тұрғындардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс жолды таңдауға және жаман әдеттерден бас тартуға шарқырып, нашақорлықтың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жүргізіле беретінін жеткізді.