Жаңа инвестициялық жобалар іске қосылуда

Ордабасы ауданында биылғы жылдың 6 айында 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын бұл өнеркәсіп орындарында 533 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Өңір эконономикасына айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы жобалар қатарында «JNRAY Group» компаниясының тігін фабрикасы, «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы мен «Бөрте милка» компаниясының сауын сиыр басын 400 басқа, сүт зауытының қуаттылығын тәулігіне 10 тоннаға ұлғайту жобалары бар.

Бадам елді мекенінде ашылған «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім алуға қауқарлы. Оның жалпы құны – 1 миллиард 300 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінде фабрика өнімдері облыс көлемінде ғана емес, республикаға да танылып үлгерген. Жобалар толығымен іске асқан жағдайда өңірде сүт өңдеу саласы артып, өнім көлемі де ұлғая түспек. Ал, тігін фабрикасына деген тапсырыс көлемі де көбейеді деп күтілуде.

Ал, Ресей және Италия елдерімен бірлесіп қолға алынған «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасының өнімдері алыс-жақын шетелдерге экспортталып жатыр. 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған нысанның жалпы құны – 1 миллиард 100 млн теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін құны 6,9 миллиард теңгеге, 354 жаңа жұмыс орнымен 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың ішінде «Central Asia Aluminum» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жобасы, «Dala Construction.kz» компаниясының қабырғаларға, еденге және төбеге арналған жылу оқшаулағыш материал (керамзит) өндіру жобасы, «Anuar Company» компаниясының қыш зауыты бар. Сондай-ақ «Батыр Бетон» компаниясының темір бетон бұйымдарын және асфальт шығару жобасы, «AMG Park» компаниясының балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау жобасы, «KAZDEZGROUP» компаниясының заласыздандыру өнімдерін өндіру жобасы, «Steel Frame» компаниясының металл өнімдерін өндіру жобасы іске қосылмақ.

ПІКІР ЖАЗУ