Төлеби ауданынының әкімі аймақтағы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына арнайы іссапармен келді. Мәжіліс депутаты елді мекендерді аралап, ел жағдайымен танысып, халықты толғандырған мәселелерді тыңдады.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев аймақтағы инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Тасарық елді мекеніндегі жүзім бағының жұмысымен таныстырып, кәсіпкер Сабыржан Танабаев саласын қолдау мақсатындағы туындаған сұрақтарды қойды.
Жеке кәсіпкер «Танабаев» 20 гектар аумаққа жүзімнің ризамат, кишмиш, шайхана, жеңіс түрін еккен. Ауылдық округтің 10 адам тұрақты жұмыспен, 70 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.
Мәжіліс депутатымен кездесуге келген округ тұрғындары Қаратөбе ауылдық округінен бастау алатын топтастырылған ауыз су аққысы арқылы 12 елді мекен, барлығы 25 243 тұрғын, немесе 4 231 абонент ауыз суды тұтынуда, негізгі су көзі ретінде, дебеті секундына 4,0 текше метрді құрайтын ашық су көзі Балдыберек өзені алынғанын, жылдың көктем немесе күз айларында ауа-райының жауын шашынды болуына орай өзен суы лайланып, судың сапасы төмендеп кеткенін айтып, мәселені шешуге көмек сұрады. Сондай-ақ Ханарық елді мекеніндегі көпірді жөндеу жұмыстарын аяқтауға ықпал етуді өтінді.
Ұласбек Сәдібекұлы ауыз су мәселесіне қатысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселе көтеріп, министрліктерге ұсынылғанын айтса, Ханарық елді мекендегі көпірдің құрылысына қажетті құжаттар басқармаға қаржыландыру үшін ұсынылғанын аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы түсіндірді.
Кейіннен Мәжіліс депутаты бастаған топ Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерінің жұмысына көңіл бөліп, жазғы демалыс уақытын лагерьде өткізіп жүрген балалардың жай-күйімен танысты. Асхана мен балалардың жатын орындарын, ойын алаңшаларын аралап көрген Ұласбек Сəдібекұлы лагерде демалушы оқушыларға барлық жағдай жасалуы қажеттігін жеткізді. Əсіресе, патриоттық тəрбие беру ісіне басымдық берілу керектігін айтты.
Көксәйек елді мекеніне ат басын бұрған Мәжіліс депутаты спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына назар аударды. Киелітас елді мекеніндегі мəдениет үйінің құрылысы жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы əрі уақтылы орындау қажеттігін тапсырды.
Киелітас елді мекенінің ақсақалдарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселерді тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер Мәдениет үйінің құрылысына қаралған қаржы кестеге сай бөлініп, мекеме ғимараты көрсетілген мерзімде пайдалануға берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұған республикалық «ҚазСушар» РМК -не қарасты каналдың жұмысына қатысты туындаған сұрақтарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі