ШЫМКЕНТ: «Бастау Бизнесте» оқыған кәсіпкерлерге кіші индустриалды аймақтан орындар ұсынылуда

«Бастау Бизнесте» оқыған кәсіпкерлерге кіші индустриалды аймақтан орындар ұсынылуда. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баяндады.

Шаһарда шағын және орта бизнестің тиімділігін арттырудың кешенді шешімдері қолға алынуда. Басты артықшылықтары – дайын сауда орындары, жеңілдік шарттарымен жалға алу және инфрақұрылымның қолжетімділігі.

Жалпы 2021-2023 жылдары күтілетін нәтижелерге тоқталып өтсек. Қалада 1000 сауда нүктесімен өңірлік 50 брендті қалыптастыру (3000 жұмыс орны), 500 жеке кәсіпкерлік нысаны бойынша 4 кіші индустриалды аймақ құру (2,5 мың жұмыс орны) жоспарлануда. Сонымен қатар, 30 кооператив ұйымдастырып, шаруа қожалық санын 600-ге жеткізу назарда. Жұмыс орнының саны – 1,5 мың.

Айта кетсек, бүгінде шаһарда 69,5 мың шағын кәсіпкерлерік нысандары жұмыс істейді: Абай ауданында – 24 177, Әл-Фараби ауданында – 16 551, Еңбекші ауданында – 16 151 және Қаратау ауданында – 12 651 нысан бар.
Белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын биыл 71 мыңға жеткізу көзделген. Ал 2023 жылы 83 мыңға жеткізу жоспарда. Биыл қаңтар-наурыз айында 222,1 млрд теңгенің өнімі шығарылған.

ПІКІР ЖАЗУ