Полицияда сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жиын өтті
Түркістан облысы Полиция департаментінде полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты одан ары нығайтып, сыбайлас жемқорлық және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша ауқымды іс-шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ. Сахов төрағалық етті. Ал қалалық, аудандық полицияның басшы құрамы селектор арқылы қосылды.
Тәрбиелік мәні зор шарада баяндамалар жасалды. Басшылық жеке құрамға қай істе болмасын бірінші кезекте адал, мінсіз атқарудың парыз екенін баса айтты. Сонымен қатар аталған жиында департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен түсірілген бейнефильмдер көрсетілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” бағдарламасы аясында заңның баршаға ортақ екені жеткізілді.
Атқарылған жұмыстарды саралап, баяндамалар тыңдалғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер берілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі