Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

“Таза Қазақстан” акциясы аясында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

“Таза Қазақстан” акциясы аясында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Акция аясында Мақтааралдық полицейлер қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, акция басталғалы полицейлер 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде, белгiленбеген орындарда сауда жасау-48, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-520, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 103 және жол жабындысын ластау – 33 болған. Осы құқықбұзушылықтар бойынша, әкімшілік хаттамалар толтырылды. ​

Мақтааралдық сақшылар барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, туған отанын көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының колледждерінде заман талабына сай 10 жаңа мамандық ашылады

admin

Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары өтті

admin

Француз даму агенттігі Балқаш көлінің жоспарына 1,3 млн еуро бөлуі мүмкін

admin