Жетісай аудандық полиция бөлімінде аудандағы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жедел кеңес өтті

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аудандағы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жиында күн тәртібінде аудан көлемінде жүргізіліп жатқан “Тазалық акциясы” мен “Кілемді жабын” жобасы аясында Түркістан облысы ПД-нің жедел басқару орталығына қосу бойынша екі мәселе қаралды.

Аталмыш жедел кеңестің төрағасы Жетісай полициясының бастығы Әділбек Сапарбеков жүргізіп отырды.

Одан кейін полиция аға лейтенанты Н.Якуза баяндама оқыды.

Баяндамада “Нөлдік төзімділік” қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарымен аудан көлемінде ұрлық қылмыстарының алдын алуын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың иелеріне ғимараттарға бейнебақылау камераларын Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығына тез арада біріктіру қажет екенін түсіндірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ