Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер өтіп бара жатқан тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады

 

Полицейлер өтіп бара жатқан тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады

Жетісай ауданының полициясына жәбірленуші әйел хабарласып, көшелердің бірінде белгісіз адам құны 95 мың теңге болатын ұялы телефонын күшпен тартып алғанын хабарлады.

Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Кездейсоқ өтіп бара жатқан адаммен болған жанжал кезінде, күдікті одан Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізгені белгілі болды. Содан кейін ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Жәбірленушінің ұрланған ұялы телефоны тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Құласам обалым үкіметке». Ақжаулықты ана үйдің төбесіне шығуға мәжбүр (видео)

admin

Шымкентте 800-ге жуық адам мекемелерде тегін кәсіптік оқытудан өтеді

admin

Түркістанда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту мақсатында семинар өтті

admin