Түркістан облысында 6 айда бірқатар қылмыстар азайған

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Яғни үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте 2024 жылдың 6 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды. Департамент бастығының орынбасарлары өздеріне бекітілген құрылым бойынша баяндамалар жасап, есеп берді.

Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында ағымдағы жылдың 6 айында 2551 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 %-ға төмендеді. Оның ішінде қылмыс саны 7,9%-ға азайған. Жалпы ұрлық қылмыстарының тіркелімі – 516-дан 330-ға азайған. Пәтер ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 47,5%-ға азайған. Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 95-тен 50-ге төмендеген. Тонау қылмыстары 31%-ға төмендесе, бұзақылық қылмыстары 26,4%-ға қысқарған.

Жиын соңында полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға балалар қауіпсіздігі, алаяқтық қылмыстары мен жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Себебі бүгінгі күннің басты мәселелері осылар болып табылады. Сондай-ақ 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін оң нәтижеге жетуге бағыттады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

ПІКІР ЖАЗУ