Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Созақ ауданындағы полицияның 6 айда атқарылған жұмысы қорытындыланды

Созақ ауданындағы полицияның 6 айда атқарылған жұмысы қорытындыланды

Ауданның жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен жедел-кеңесте полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев үздік қызметкерлерді марапаттады. Ал полиция бөлімі бастығының орынбасарлары өздеріне қатысты құрылым бойынша баяндама жасап, есеп берді.

Айта кетсек, Созақ ауданында 2024 жылдың 6 айында 48 қылмыс орын алған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7,7 %-ға төмендеген. Сондай-ақ 4012 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шара көрілген. Өңір полициясымен қоғам тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы қызмет жалғаса береді.

Жиын соңында полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев жеке құрамға сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, жұмыс сапасын арттыруды ұсынды. Алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жыл басынан бері Түркістан қаласында 16 егіз дүниеге келген

admin

ІІМ: 20-дан астам жастар тобы ұсталды

admin

Еліміздің қауіпсіздігі — заманға сай болуы тиіс

admin