Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы дөңгелек үстел өткізілді.

​ Дөңгелек үстелге аудандық және көлік прокуратура қызметкерлері, Арыс АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер мен анықтаушылар, Арыс стансасындағы ЖПБ-нің қызметкерлері және адвокаттар қатысты.

​ Төрағалық етуші С.Умаров дөңгелек үстелді ашып күн тәртібіндегі мәселе бойынша 15.04.2024 жылы мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылғандығын, осы заң бойынша 15 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске, 8 заңға толықтырулар енгізілгенін, бұл заң 16.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізгенін айтты.

​ Іс шара барысында, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-1, 109-1 баптар қосылғанын айтылып, сонымен қатар аталған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, аталған өзгерістер барынша талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ