Кентау қалалық сотының судьясы “Еурохаттама” бойынша семинар өткізді
Кентау қалалық сотының судьясы Б.П.Курамысов «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610 бабы (Еурохаттама) бойынша түсіндіру» тақырыбында Кентау қалалық заң кеңесханасының адвокаттары, Кентау қаласының прокуроры, Кентау қалалық әкімшілігінің заңгері, Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни Еурохаттама рәсімі енгізілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттардың жұмысын оңтайландыру мақсатында бүгінгі күні халықты ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған бірқатар іс шаралар жүргізілуде.
Көлік жүргізушілердің айтуларынша, елімізде жол-көлік оқиғасын рәсімдеу өте ұзаққа созылады. Алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп, хаттама толтырса, сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барып, кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді.
Олар осыдан соң бір-бір жарым айдан кейін ғана сақтандыру төлемдеріне қол жеткізеді. Енді бұл процесс айтарлықтай жеңілдеп отыр.
Кентау қаласының ПБ ӘПБ ӘПТ-ның инспекторы полиция майоры Бейсеев Ермахан Ердесбекұлы айтуынша, енді көлік жүргізушілер кішігірім жол көлік оқиғаларына тап болса, сақтандыруды полицияның қатысуынсыз рәсімдей алады.
Алдымен жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін әрбір жүргізуші ұялы телефонына «Еурохаттама» қосымшасын қосып алу керек. Бұл жүргізушілерге оқиға материалдарының фотосы мен бейнежазбасын тіркеп алуы үшін қажет.
Біріншіден, азаматтар жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін енді полицияны күтпейді.
Екіншіден, оқиға кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершіліккее тартылмайды. Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Бұрын мұндай жағдайда сақтандыру төлемін алу 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, енді бұған бар болғаны 5 күн уақыт кетеді.