Отырар аудандық сотының төрағасы жиын өткізді

Отырар аудандық сотының төрағасы М.Қуандықов «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610 бабы (Еурохаттама) бойынша» жиын өткізді.

Аталған жиын Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни Еурохаттама рәсімі енгізілгенін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттардың жұмысын оңтайландыру мақсатында бүгінгі күні халықты ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған іс шаралар жүргізілуіп жатқанын.

Көлік жүргізушілердің айтуларынша, елімізде жол-көлік оқиғасын рәсімдеу өте ұзаққа созылатынын. Алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп, хаттама толтырса, сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барып, кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді.

Олар осыдан соң бір-бір жарым айдан кейін ғана сақтандыру төлемдеріне  қол жеткізеді. Енді бұл процесс айтарлықтай жеңілдеп отыр.

Төрағалық етуші енді көлік жүргізушілер кішігірім жол көлік оқиғаларына тап болса, сақтандыруды полицияның қатысуынсыз рәсімдей алатынын түсіндіріп өтті.

Алдымен жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін әрбір жүргізуші ұялы телефонына «Еурохаттама» қосымшасын қосып алу керектігін. Бұл жүргізушілерге оқиға материалдарының фотосы мен бейнежазбасын тіркеп алуы үшін қажет екендігін.

Біріншіден, азаматтар жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін енді полицияны күтпейді.

Екіншіден, оқиға кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Бұрын мұндай жағдайда сақтандыру төлемін алу 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, енді бұған бар болғаны 5 күн уақыт кететінін айтып өтті.

Жиын соңында қатысушыларға аталған (Еурохаттама) бойынша халыққа тиімділігін түсіндіру қажеттігі айтылды.

https://t.me/trk_sud

 

ПІКІР ЖАЗУ