Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиев:

сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді

сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады;

азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты;

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

 

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби ауданында елдімекендерге инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр

admin

«Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы

admin

Павлодар облысында МӘМС аясында үш мыңға жуық операция жасады

admin