Түркістан облысында 6 тұрғынды алдап соққан күдікті анықталды
Түркістан облысында 6 тұрғынға айласын асырып, 3,5 млн теңгеге жуық ақшаны қалтасына басқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібастық полицейлер алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы күдікті әйелді ұстады. Анықталғандай, арызданушының айтуынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде берген. “Қызметі” үшін қомақты ақша алған соң, сөзінде тұрмай, қашып жүрген. Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 5 жайтқа қатысы барын және бұрын алаяқтығы үшін сотты болғанын анықтады. Яғни, оларға да жалған уәде беріп, жәбірленушілерге 3,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-6-turghyndy-aldap-soqqan-kudikti-anyqtaldy/