“Жолда қабылдау” акциясы: Түркістан облысының полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Жолда қабылдау” акциясын өткізіп, 200-ден астам тұрғынды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 орында өткен акцияның екі тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді. Мәселен, жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды. Жалпы, бұл акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау. Айта кетсек, іс-шара келесі айда тағы өткізіледі.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zholda-qabyldau-aktsiyasy-turkistan-oblysynyng-politsejleri-200-den-astam-turghyndy-qabyldady/

ПІКІР ЖАЗУ