Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістанда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

Түркістанда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Түркістандық патрульдік полиция қызметкерлері сағат 02:30 шамасында рейд кезінде күдік тудырған Lada Granta автокөлігін байқады. Полиция автокөліктің соңынан жүріп, оған тоқтау қажеттігін хабарлады. Алайда жүргізуші тарап тәртіп сақшыларына бағынбай, жылдамдықты асырып, қаша жөнелді. Десе де, полицейлер көлік тізгіндеушіні соңынан қалмай, қолға түсірді. Спирттік ішімдік ішіп алған 38 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктінген сақшылар ер адамды сараптамаға жеткізіп, мас халде болғанын растады. Анықталғандай, жүргізуші бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Қазіргі уақытта көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рөлге қайта отырған жүргізушіге қатысты жиналған материалдарды полицейлер сотқа жіберді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistanda-zhurgizushi-kualiginen-ajyrylghan-azamat-mas-kujde-kolik-basqarghan/

Сәйкес жаңалықтар

Полиция пәтер ұрысын құрықтады

admin

Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады

admin

Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды

admin