Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысы полициясы Келес ауданы тұрғынынан марихуана тәркіледі

Түркістан облысы полициясы  Келес ауданы тұрғынынан марихуана тәркіледі  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде полицейлер, аудан тұрғынының құрылысы бітпеген тұрғын үйіне жасырылған, ішінде есірткіге ұқсас заты бар пакетті тәркіледі.  Жасалған сараптамаға сәйкес, табылған есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм марихуана болып шықты. Ер адам өз жауабында, аталмыш есірткіні мал жайып жүрген кезінде тауып алып, өзі тұтыну мақсатында сақтағанын жеткізді. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс бойынша тергеу істері  жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы  анықталып жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-turghynnan-marihuana-tarkiledi/

Сәйкес жаңалықтар

Талай баланы аман алып қалған елордалық дәрігер қайтыс болды

admin

ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданында электр энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

admin

Бибігүл Жексенбай: Қазақстан – цифрлық дәуірге қадам басуда

admin