Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысының полициясы шетелдік инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының полициясы шетелдік инвесторлармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысын дамыту мақсатында бірінші кезектегі міндет – жергілікті атқарушы орган өңірдің экономикасына шетелдік инвесторларды тарту.  Ең алдымен, бұл облыста жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Осындай инвесторлардың бірі Түркістан облысының Арыс ауданындағы егіс алқаптарында мақта өнімдерін өсіруді жүзеге асыратын Қытай Халық Республикасының мамандары.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы, яғни басшының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев және Арыс ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуатов шетелдіктермен кездесті. Кездесу кезінде олар шетелдіктермен заң мен тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді, яғни Қазақстан Республикасында болу тәртібін түсіндіріп, оларды мазалаған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politsiyasy-sheteldik-investorlarmen-kezdesti/

Сәйкес жаңалықтар

Қазақтың ұлттық киімі Гиннестің рекордтар кітабына енді

admin

10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен өткен кездесу

admin

Түркістанда үздік нәтиже көрсеткен полицейлер марапатталды

admin